Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында қар жауып, балалар аққала жасап үлгерді (фото)

Опубликовано:

Бір күн бұрын Павлодар облысының бірнеше аймағында алғашқы қар жауды. Балалар қазірдің өзінде аққала жасап, мәз болып жатыр, ал коммуналдық қызметкерлер жауған қардың салдарымен күресуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

павлодар
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Желіде Павлодар аймақтарында алғашқы қар жауып үлгергенін көрсететін фото, видеолар таралып жатыр.

Ғалия Изатова есімді Instagram қолданушысы аққала соққан балаларының суретін жариялаған.

Ол фотоның Тегістік елдімекенінде түсірілгенін атап өтті.

Әйел адамның Tengrinews.kz-ке берген мәліметінше, қардың қалыңдығы 1 метрден асқан.

Сондай-ақ, @vko.oskemen Instagram парақшасында ауылдық жерді қар басқаны көрсетілген видео жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823011-pavlodar-oblysynda-kar-zauyp-balalar-akkala-zasap-lgerdi-foto/

pixel