RU
"Тәтті орындау": Қуандық Рахымның әнін айтқан жас бала елді сүйсінтті

"Тәтті орындау": Қуандық Рахымның әнін айтқан жас бала елді сүйсінтті

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Қуандық Рахым өз әнін нақышына келтіре орындаған жас жеткіншектің видеосын жариялады. Ол мектеп оқушысының өнеріне тәнті болып, оған "тәтті орындау" деп баға берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тәтті орындау": Қуандық Рахымның әнін айтқан жас бала елді сүйсінтті

Видеодан алынған кадр

Аталмыш видеоны желіге алдымен орындаушының өзі жариялаған.

Нұрасыл есімді жеткіншек парақшасына гитараның сүйемелдеуімен ән салып отырған сәтін жүктеген.

Қуандық Рахымның "Тәтті махаббатым" атты әнін орындаған мектеп оқушысына әншінің өзі назар аударған секілді.

Ол Нұрасылдың видеосын өз тыңдармандарымен бөлісуді жөн көріп, жас таланттың өнерін жоғары бағалаған.

Желі қолданушылары да өсіп келе жатқан әнші баланың дауысына тамсанып, оған жылы лебіздерін жаудырды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel