Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық қаламгер өз туған күнінде отбасылық кітапты сыйға тартты

Опубликовано:

Эльмира Усенқызы
Фото: Facebook

Жүкті əйелдің қаламынан шыққан алғашқы Қазақстандық "Сен маған керексің" атты отбасылық драма кітабы оқырманға жол тартты. Кітаптың авторы Эльмира Усенқызы аяғы ауыр болуына қарамастан бір ай ішінде отбасыларға арналған кітапты жаза отырып, өз туған күнінде оқырманға сыйлық жасады.

Бұл автордың еншісіндегі бесінші кітап болып табылады. Саяси бағыттағы "Қазақстанға 25 жыл" энциклопедиясы, "Депутат" энциклопедиясы, "Алтын Қыран" энциклопедиясы автордың қызмет жолындағы туындысы болса, "Сен маған керексің" кітабы жеке өмірінен алынған кітап болып табылады. Кітап барлық деңгейдегі оқырманға арналған. Дүние есігін ашқан сəби өмірінен бастап ата-ана, мектеп қабырғасы, өмір сынақтары, ата-аже мен жеке отбасы, махаббат пен қəтелік, ата-ене жəне отбасыны сақтау жолындағы күрес толық баяндалған. Бүгінгі таңда қоғамда өршіп тұрған ажырасу мəселесінің астары кеңірек қаралып, отбасыны бағалау мен сақтаудың жолдарын кітап қалың оқырманға үйретеді. Сондай-ақ тағдырдың сынағына сынбай, арман мен мақсатыңызға сүрінбей жеткіңіз келсе кітапты көрсетілген сілтеме арқылы тегін жүктеп, оқуыңызға болады.

Отандық қаламгер өз туған күнінде отбасылық кітапты сыйға тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823036-otandyk-kalamger-z-tugan-kninde-otbasylyk-kitapty-syjga-tartty/

pixel