RU
Ақтөбеде бір қойды жеті минуттың ішінде сойып тастаған жігіт көпшілікті таң қалдырды (фото)

Ақтөбеде бір қойды жеті минуттың ішінде сойып тастаған жігіт көпшілікті таң қалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қасапшылар қой союдан жарысты. Қасапшылар арасындағы сайыста бір қойды жеті минуттың ішінде сойып тастаған Медет Сейітжанұлы жеңіске жетті. Кейін сойылған қой еті қаладағы тұрмысы төмен үйлерге таратылып, көпті көрген ақ жаулықты аналар жастарға табақ тарту әдісін үйретті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы "Аңсар" ақпараттық талдау орталығы, "Ақтөбе белсенді жастар жамағаты" және "Досжан Хазірет" мешітінің ұйымдастыруымен өткен қасапшылар сайысы тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Ақсақалдардың батасымен басталған сайыс қорытындысында малды жылдам сойып, дұрыс бөлшектеген Медет Сейтжанұлы жеңіске жетті. Ол қойды бар-жоғы жеті минуттың ішінде сойған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Екінші орынды 8 минут, 10 секунд нәтижесін көрсеткен Жеңіс есімді тұрғын иеленсе, үшінші сатыға қойды 23 минутта сойып, етін бөлшектеген Самғат Деменов иеленді.

250 адам тамалаған сайысты жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Қасапшылар сайысынан соң әйелдер мен қыз-келіншектерге көпті көрген әжелер "табақ тарту" дәстүрі бойынша шеберлік сағатын өткізді. Шараға 30 шақты адам қатысқан. Бұл шеберлік сағатында ақ жаулықты әжелеріміз көнеден келе жатқан дәстүрдің мәнін айтып, мал етінің мүшелерін тану және дәстүрге сай табақ тарту шарттарын, әр қонақтың, отбасындағы әр адамның өзіне белгіленген несібесі туралы айтып, көнеден келе жатқан дәстүрімізді қазіргіге жалғады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл шаралардың мақсаты - дін мен дәстүр сабақтастығын көрсетіп, халық арасында дәстүрді дәріптеу, көненің көзін көрген қариялар мен мамандардан әр дәстүрдің шығу төркінін, мәнін білу.

Шара соңында жамағатқа дастархан ұйымдастырылып, "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы ұлттық психология қыр-сыры, салт- дәстүр мен ұлттық таным туралы ақпарат берді.

Қасапшылар сайысындағы сойылған етті "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының жанынан құрылған "Аңсар еріктілері" қайырымдылыққа жұмсап, 9 жанның үй-жайына апарып берген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
19
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel