RU
"Мені тәнті етті": Нұрғали Нүсіпжанов келіншегінің қай қылығы баурап алғанын айтты

"Мені тәнті етті": Нұрғали Нүсіпжанов келіншегінің қай қылығы баурап алғанын айтты

Рассказать Вконтакте

82 жасында өзінен 45 жас кіші бикешпен шаңырағын жаңғыртқан Нұрғали Нүсіпжанов тойдан кейін алғаш рет сұхбат беріп, әйелінің қай қылығы баурап алғанын айтты деп жазады Shownews.kz ақпарттық порталы.

Желідегі видеодан кадр

Желідегі видеодан кадр

Халық әртісінің өзінен 45 жас кіші Жадыра Сейдешті жар етуі көптің қызу талқысына түскен еді. Олардың қатарында Нүсіпжановты сынағандар аз емес. Өз кезегінде әнші өзіне сын айтқандармен дауласқысы келмейтінін жеткізді. 

"Мен халықтың байлығына қол сұққаным жоқ. Біреудің иелігін тартып алған жоқпын. Өз ықыласымызбен, өз келісімімізбен қосылдық. Мен жас бала емеспін. Менің де асты-үстіме қарайтын көмекші, сенімді адам керек. Қазіргі заманда өмір сүру оңай емес. 
Пейілі дұрыс, көзі көре алатын, құлағы ести алатын  жандар баталарын беріп жатыр. Ал енді бірі қисық сөздерін жіберіп, адамдардың құлағын былғап жатқандар да бар. Оларға айтар сөзім жоқ. Біреумен айқайласу ойымда да жоқ. Менің өмірлік ұстанымым –ешкімнің ала жібін аттамау", – дейді Нүсіпжанов.

Өнер иесінің  келіншегімен  таныстығы осыдан 5 жыл бұрынғы түсірілімде бастау алған.

"Қымызды кім ішпейді, қызбен кім  сөйлеспейді. Бұл  талқыланатын үлкен бір тақырып емес. Адамдардың  ой арманы, адамдық қасиеттері жақындасады. Кез-келген адаммен тіл табысып кете алмайсың. Жадыраны түсірілімде жолықтырдым. Біз сұхбаттарда да кездесіп жүретінбіз. Оның істеген еңбектерін бағаладым. Келіншегімнің  адалдығы, сауаттылығы мен еңбекқорлығы мені тәнті етті. Бұл неке екі жақтың келісімімен, ризалығымен болды", – деді өнер иесі.

Нүсіпжановтың алғашқы некесінен үш, екінші отбасынан қос қызы бар. Әкелерінің  егде жаста үшінші рет шаңырақ көтеруіне бес перзенті де қолдау көрсетіп, жақсы қабылдаған.

"Бұл некені қыздарым жақсы қабылдады.  Қарсылық танытпады. Керісінше маған қолдау көрсетіп, түсінікпен қабылдады. Қыздарыма ризамын", – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
21
3
3
0
5
30
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel