RU
Нұр-Сұлтан тұрғыны өз әйелін атып өлтіріп, баласын жаралады
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтан тұрғыны өз әйелін атып өлтіріп, баласын жаралады

Рассказать Вконтакте

Елордалық азамат мас күйіде өз әйелін атып өлтіріп, бес жасар баласын жаралады деп күдіктелуде. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Полиция ақпаратына сәйкес, Жедел басқару орталығына қоңырау кеше, 20 қазан күні 22 сағат 19 минутта келіп түскен.

Онда 55 жастағы келіншек пен бес жасар бала ауыр жарақат алғаны туралы хабар берілген.

Күдікті 59 жастағы азамат болып шықты.

Болжам бойынша, мас күйде болған ол жұбайымен жанжалдасып, оқ атқан. Сонымен қатар, басқа некеден туған ұлына да зақым келтірген.

Келіншек оқиға орнында жан тапсырды. Ал бала ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
2
2
2
5
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel