RU
Қолына мылтық алған оқушыны мектеп мұғалімдері қалай алдады

Қолына мылтық алған оқушыны мектеп мұғалімдері қалай алдады

Рассказать Вконтакте

Америкалық Портленд қаласында орналасқан мектептегі жаттықтырушы қолына мылтық алған оқушыны құшақтаған сәтті өзге мұғалім келіп, қаруын алып қойды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

ABC News арнасының мәліметінше, бақылау камераларына түсіп қалған оқиға 17 мамыр күні болған. Алайда тек жұма күні Малтнова округінің прокуратурасы бейнежазбаны жариялады.

Кадрда жаттықтырушының қолына мылтық алған 19 жастағы Энджел Гранадос-Диасты құшақтап тұрғанын, дәл сол кезде басқа мұғалімнің келіп, баланың қолынан қаруды тартып алғаны бейнеленді.

"Ол кезде оны аядым. Көп жағдайда сен жас кезіңде не істеп жатқаныңды білмейсің", - деді жаттықтырушы.

Оқиға орнына полиция келді. Жасөспірім тұтқынға алынды. Оқиға кезінде психикалық бұзылумен зардап шеккен Гранадос-Диас өзінің кінәсін мойындап, қоғамдық орынға оқталған қаруды әкелгенін растады. Ол үш жыл бойы биліктің қадағалауында болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel