Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытай төрінде қазақтың халық әнін орындаған Димаш елдің алғысына бөленді

Опубликовано:

Қазақ эстрадасында ға на емес, әлемдік аренада өзіндік қолтаңбасы бар Димаш Құдайберген кезекті өнерімен көпшілікті тәнтті етті. Әйгілі әртіс Қытай төрінде "Самалтау" атты халық әнін жоғары деңгейде орындады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген ән шырқаған сәтін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Ол Қытайдың Фучжоу қаласында өткен халықаралық кинофестивальдің жабылу салтанатында өнер көрсеткенін жеткізді.

Кадрдан әртістің қазақтың ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен "Самалтау" атты халық әнін шырқағанын байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары Димаштың отансүйгіштік қасиетін жоғары бағалады.

"Жарайсың Димаш, еліңнің абыройын көтеруден жалықпа", "Нағыз елі мен жерінің патриоты", "Қазақ елі сенімен мақтанады", "Сен елің үшін туған азаматсың" , -деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1823153-kytaj-trinde-kazakty-halyk-nin-oryndagan-dimas-eldi-algysyna-blendi/

pixel