RU
Тимати ұлы мен сүйіктісін перзентханадан шығарып алды (фото)

Тимати ұлы мен сүйіктісін перзентханадан шығарып алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік танымал рэп орындаушы Тимати ұлы мен сүйіктісі Анастасия Решетованы перзентханадан шығарып алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас ана мен сәбидің перзентханадан шығуымен жақындары құттықтап келген.

Тиматидің ғашығы өміріндегі әсерлі әрі ерекше сәтінің суреттерімен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.

Ұлды болған өнер иесі сүйіктісіне ақ раушаннан гүлдер шоғын тарту еткен.

Ратмирді үйге алып кетуге рэпердің бұрынғы сүйіктісі Алена Шишковадан туған тұңғышы Алиса да барған. Ол інісін құшағына қысып, оны перзентханадан көтеріп шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін Тиматидің екінші мәрте әке атанғанын хабарлаған болатынбыз. Рэпер ұлына марқұм досы Ратмирдің есімін берген.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel