RU
Отбасылық бюджетті үнемдеудің 10 жолы

Отбасылық бюджетті үнемдеудің 10 жолы

Рассказать Вконтакте

Кейбір ерлі-зайыптылар аз табыс тапса да, сапалы заттарды қолданып, өзгелерден бұрын баспанаға қол жеткізіп жатады. Ал бірі керісінше, қаражатты басқара алмай, қомақты қаржысын жұмсап қояды. Бұлай болуының себебі – отбасылық бюджетті дұрыс басқара алмауда деп жазады Сырласу басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

№ 1 кеңес: Шығыс пен кірісті жоспарлаңыз

Ескерерлік жайт, кейбір адамдар өздерінің табыстарының нақты сомасын білмеуі мүмкін.

№ 2 кеңес: Несиеге "жол жоқ"

Қаржы кеңесшілерінің айтуы бойынша, егер несиеге алынатын зат оны төлеу уақытынан ұзақ қызмет ететін болса, ары қарай табыс табуға септігін тигізетін болса, несие алған дұрыс. Мәселен, кәсіпкерлікті кеңейту үшін несие алуға әбден болады. Ал басқа мақсатта алынған несие – адамның өз ақшасын тиімді басқара алмайтынының көрсеткіші.

№ 3 кеңес: Ақшаңызды жинаңыз

Отбасылық бюджетті үнемдеу үшін, ай сайынғы табысыңыздың 10%-ын жинақтауға кеңес береміз.

№ 4 кеңес: Жоспарсыз сауда жасаңамыз

Дүкенге барып, өзіңіз қатты қалап тұрған затты сатып алмас бұрын жақсылап ойланыңыз. Осы оймен ұйықтап көріңіз. Таңертең оянғаныңызда бұл зат бұрынғыдай ерекше әрі сатып алуға тұрмайтындай көрінуі мүмкін.

№ 5 кеңес: Дүкенге жұмыс күндері барыңыз

Ұзақ мерзімді картоп, макарон, қант, жарма сынды тауарларды көтерме саудада үлкен қапшықтармен сатып алыңыз.

№ 6 кеңес: Тізімді қадағалаңыз

Адам дүкенге барған кезде, міндетті түрде жарма, етті, сүтті өнімдермен қатар тәтті әрі зиянды өнімдерді де сатып алады.

№ 7 кеңес: Ұсақ-түйекке жол бермеңіз

Көше тамағы, шоколад, автоматтағы кофе, сағыз секілді ұсақ-түйектер отбасылық бюджетке жіті әсер етеді.

№ 8 кеңес: Үйде тамақтаныңыз

Көпшілік сырттан тамақтанғанды ұнатады. Жол жөнекей коктейль ішіп, пицца жегіңіз кеп қалады. Салат пен бір стақан шырынды сатып алғаннан келіп кетер ештеңе жоқ секілді көрінеді. Десе де, жинала келе бір ай ішінде айтарлықтай шығын шығаруы мүмкін.

№ 9 кеңес: Қымбат әрі сапалы заттар сатып алыңыз

Жақсы әрі сапалы аяқ-киім ұзақ қызмет етері сөзсіз. Әр мезгіл сайын жөндетуді және ауыстыруды қажет етпейді. Нәтижесінде қымбат зат өз бағасын толығымен өтейді.

№ 10 кеңес: Тазартқыш құралды үнемдеңіз

Түрлі тазартқыш ұнтақтар мен еден жууға арналған арнайы сұйықтықтардың бағасы көкке шарықтап тұр. Кейбір фирмалар арнайы концентраттар өндіреді. Олардың бағасы қымбат болғанымен, ұзақ мерзімге жетеді және аз шығындалады. Бағасын көре сала теріс айналмай, қызмет ету мерзімін есептеп көріңіз.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel