Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бетперде кигендер жанармай бекетін 40 секундта тонап кетті

Опубликовано:

Түркістан облысында үш ер адам 40 секунд ішінде жанармай құю бекетін тонап кетті. Қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілердің бірі қолға түскен деп жазады өңірдегі полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: 24tv.ua
Көрнекі фото: 24tv.ua: UGC

Қазан айының ортасында таңертең жанармай құю бекетіне шабуыл жасалғаны хабарланды. Полицияға хабарлама таңғы алтыда түскен.

"Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полицияның мәліметінше, ЖҚС-на екі адам шабуылдаған. Олар бетперде киіп, қолдарында қосауыз мылтық пен газ баллоншасы болған.

Станцияға шабуыл жасалған кезде онда үш қызметкер болыпты.

"Шабуылдаушылар операторға газ баллоншасын шашқан, күзетшіге қару кезеп, кассир қызды қорқытып, кассадан 170 мың теңге көлемінде алған", - деді полиция.

Ақшаны оңай ұрлаған күдіктілер бекет маңында көлікте тосып тұрған үшінші сыбайласымен бірге көлікке отырып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Полиция департаментінің хабарлауынша, қылмыс бар-жоғы 40 секунд ішінде жасалған.

Жақында полиция күдіктілердің бірін қолға түсірген. Қалған екі күдіктіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Полицияның мәліметінше, шабуылдаушылардың бірі бұрын сотты болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1823173-trkistan-oblysynda-betperde-kigender-zanarmaj-beketin-40-sekundta-tonap-ketti/

pixel