RU
Шымкентте медбикені зорлады деп айыпталған дәрігер ақталып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте медбикені зорлады деп айыпталған дәрігер ақталып шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты медбикені зорлады деп айыпталған дәрігерді ақтады. Сот сотталушының кінәсін дәлелденбеген деп тауып, оны кінәсіз деп таныды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Тергеушіге қатысты сот тергеу жүргізу кезінде жіберілген өрескел бұзушылықтар туралы полиция департаменті басшылығының атына қаулы шығарды. Сот ақталған адамға оның моральдық зиянды өтеуге қол жеткізу құқығы туралы түсіндірді.

Жәбірленуші тарап бірінші сатыдағы соттың шешіміне шағымдануды көздеп отыр.

Айта кетейік, осыған дейін "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Смаилова Facebook парақшасында Шымкентте дәрігердің медбикені жұмыс орнында зорлағаны туралы ақпарат жариялаған еді. Бұл қоғамда үлкен дау тудырды.

Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel