Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі ұйықтағанда келеді": Туған ағасынан жүкті болған 17 жасар қыз сырын ашты

Опубликовано:

Анасы ертеректе көз жұмған 17 жасар қыз туған ағасынан жүкті екенін айтты. Әкесінен қатты қорыққан ару бұл туралы ешкімге тіс жармапты. Бойжеткен тірі жанмен бөліспеген сырын анонимді түрде Instagram желісіндегі @kutpedim парақшасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: labman.ru
Көрнекі фото: labman.ru: Facebook

Мұңын шаққан ару әкесімен, ағасы және сіңлісімен тұратынын айтады.

"Ағам бәрі ұйықтағанда бөлмеме келіп, маған білгенін істейді. Қазір жүктімін. Төрт айлық.

Әкем естігенде оңдырмай ұрды. Ағам қарап тұрды. Шындықты айтсам, әкем ағамды өлтіреді деп қорқамын.

Ертеңгі күні сіңлімнің тағдыры не болады? Соны ойлаймын. Сіңлімді алып, қашып кеткім келеді. 18-ге толайын деп күтіп жүрмін",- деді ол.

Ішіндегі баласына не істерін білмеген қыз жұрттан кеңес сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823196-bri-jyktaganda-keledi-tugan-agasynan-zkti-bolgan-17-zasar-kyz-syryn-asty/

pixel