Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лукашенко Қазақстанға ресми іс-сапармен келеді

Опубликовано:

Беларусия президенті Александр Лукашенко 24-25 қазан күні ресми іс-сапармен Қазақстанға келеді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото : liter.kz21
Фото : liter.kz21: UGC
"Нұр-Сұлтан қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Лукашенконың келіссөздері өтеді. Мемлекет басшылары шағын және кең құрамдағы кездесуде сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге баса назар аудара отырып, мемлекетаралық қатынастардың дамуын талқылайды.
Президенттер өнеркәсіптік кооперацияны кеңейту, экономиканың түрлі салаларында, соның ішінде ауыл шаруашылығында, көлік пен логистикада, мұнай-химия кешенінде, жоғары технологиялар саласында ынтымақтастықты арттыру перспективаларын қарастырады, - делінген хабарламада.

Тараптар сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер аясындағы және халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты, өңірлік және әлемдік күн тәртібін талқылайды. Келіссөздер қорытындысы бойынша екі жақты келісімдер пакетіне қол қойылады.

Бұл күндері Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Беларусь бизнес-форумы өтеді. Қазақстан астанасында Беларусь дипмиссиясы ғимараттарының жаңа кешенін ашу жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823204-lukasenko-kazakstanga-resmi-is-saparmen-keledi/

pixel