Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі мектептер қашаннан бастап 12 жылдық білім беруге көшеді

Опубликовано:

Қазақстандағы мектептер 2021 жылдан бастап он екі жылдық білім беру жүйесіне көшеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: government.kz
Фото: government.kz: UGC

Бұл туралы Аймағамбетов мәжілістегі үкімет отырысында айтты.

"Он екі жылдық білімге 2021 жылы көшуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.

12 жылдық білім беру жүйесі 1-11 сыныптар жаңартылған мазмұндағы бағдарлама мен жаңа бағалау жүйесіне толығымен көшкеннен кейін енгізіледі.

Министр асығыс шешім қабылдауға болмайтынын жеткізді.

"Егер асығыс шешім қабылдап, ойланбастан әрекет етсек, жағдайды ушықтырып алуымыз мүмкін. Себебі он екі жылдық білім жүйесіне көшу мектептердің инфрақұрылымына үлкен салмақ салады. Бұдан бөлек, мұғалімдер даярлау мен жаңа оқулықтар шығаруды талап етеді. Оның үстіне елімізде үш ауысымды мектептер де аз емес", - деді ол.

Аймағамбетовтың сөзінше, жаңартылған бағдарламалар 2015 жылы бекітілген.

Тиісінше, қазір барлық сыныптың 95 проценті жаңартылған мазмұнға көшті.

Ал келесі жылы он бірінші сыныптар ауысады деп жоспар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823213-elimizdegi-mektepter-kasannan-bastap-12-zyldyk-bilim-beruge-ksedi/

pixel