RU
Аймағамбетов балабақшада ағылшын тілін оқытуды тоқтатпақшы

Аймағамбетов балабақшада ағылшын тілін оқытуды тоқтатпақшы

Рассказать Вконтакте

Елімізде ағылшын тілін мектепке дейінгі білім бағдарламасынан алып тастау көзделіп отыр. Бұл туралы үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ

Асхат Аймағамбетов. Фото: NUR.KZ

"Мектепке дейінгі білім бағдарламасынан ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз", – деді ол мәжілісте "Білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындылары туралы" үкімет сағатында.

Сондай-ақ, балабақша тәрбиешілерінің жалақысын көтеру жоспарланып отыр.

"Тағы бір мәселе – бірыңғай электронды кезектің жоқтығы. Кейде мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға барған балалар кезектен шығарылмай қалады", – деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, лицензиялау мен аккредиттеудің жоқтығы да бірқатар проблема тудырып отыр.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде барлығы 10 673 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде балабақшалар саны – 6 470, шағын орталықтар – 4 203.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel