RU
Білім министрі Мұхамеджан Тазабектің мектептерде дәріс оқуына қатысты жауап берді

Білім министрі Мұхамеджан Тазабектің мектептерде дәріс оқуына қатысты жауап берді

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәжіліс отырысында Мұхамеджан Тазабектің мектептерде дәріс өткізбегенін, ондай іс-шараларды тек мұғалімдер жасайтынын айтты деп хабарлайды Zakon.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: syr-media.kz/ @mukhamedzhan_tazabek

Фото: syr-media.kz/ @mukhamedzhan_tazabek

"Мектептерде іс-шараларды тек мұғалімдер өткізе алады. Бұл жағдайда, Мұхамеджан Тазабек іс-шара өткізді деп айту дұрыс емес. Ондай іс-шаралар өткізілмеген. Қазір мен біреу бір нәрсе ұйымдастырған деп айта алмаймын. Егер іс-шара мектепте өткізілсе, мен жауап берер едім. Бірақ, іс-шара өткізілмеген, сондықтан талқылайтын ешнәрсе жоқ", - деді Аймағамбетов.

Ол білім беру мекемелерінде бөтен адамдар қандай да бір іс-шара, оның ішінде дәріс оқи алмайтынын еске салды.

"Ол оқи алмайды. Егер сіздер діни немесе басқа мәселелерге нұсқап тұрсаңыздар, онда біз білім беру мекемелеріне кез келген адам келіп, өзінің діни көзқарастары туралы айта алмайтынын, қазір ондай оқиғаның жоқ екенін айтамыз", - деді БҒМ басшысы.

Бұған дейін желіде "Асыл арна" діни телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектің полиция қызметкерлеріне дәріс оқыған видеосы тараған болатын.

Ішкі істер министрілігі аталған дерек бойынша тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel