RU
Белгісіз азаматтың қолынан ұстаған Жәния Джуринская елді қызықтырып қойды (фото)

Белгісіз азаматтың қолынан ұстаған Жәния Джуринская елді қызықтырып қойды (фото)

Рассказать Вконтакте

Актриса Жәния Джуринская желіде белгісіз азаматтың қолынан ұстап тұрған суретін жариялап, елдің қызу талқысына түсті. Көпшілік танымал арудың қасындағы жігітті оның сүйіктісі деп болжауда. Бұл туралы актрисаның желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Джуринская Bentley қымбат көлігінің ішінде отырған фотосын Instagram парақшасында жариялады.

Суретте кино саласының жұлдызын белгісіз ер адам қолынан ұстап тұрғанын көруге болады.

Желі қолданушылары оны шоу-бизнес сылқымының көптен жасырып жүрген ғашығы деп топшылауда.

"Әрине, бақыт ақшаға байланысты емес, бірақ бентлиде жылаған әлдеқайда жақсы емес пе?" , - деп жазды Джуринская.

Алайда актрисаның бұл жазбасы көпшілікке жақпай қалған секілді.

"Қасындағы жігіті мына жазбасынан қандай әсерде екен?" , "Жәния сен кері бағытта кетіп барасың, есіңді жи" , "Байлық бүгін бар, ертең жоқ дүние" , "Аты қалай сүйіктіңіздің? Қашан түрін көрсетесіз" , - деп жазуды олар.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел мен билеген Джуринская қызу талқыға түскенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
1
2
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel