Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мекенжай анықтамасы берілмейді: Қазақстандықтарға нені білу керек

Опубликовано:

Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы берілмейді. Бұл құжаттан бас тартуға шешім қабылданды, себебі ол "бюрократия ескілігі". "Азаматтарға арналған үкіметтің" басқарушы директоры Мұрат Жұманбай дәл осындай пікірде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: gov4c.kz
Фото: gov4c.kz: Facebook

Енді жұмысқа орналасқан кезде мекенжай анықтамасын қалай ұсыну керек? Визаға құжаттарды қалай тапсыру керек? Мектепте тіркелген мекенжайды қалай дәлелдеуге болады деген сияқты тағы басқа да сұрақтар еліміздің көптеген тұрғындарын мазалап жатқаны белгілі.

Бұл сұрақтарға Мұрат Жұманбай өзінің Facebook парақшасында жауап берді.

Маманның айтуынша, барлық мемлекеттік органдар аталған құжаттан бас тартуға әзірленіп, "нюанстарды реттеуі" тиіс болатын.

"Мекенжай анықтамасы алынады, бірақ тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы талаптар қалады. Қазақстандықтар өздерінің тіркелген жерін egov.kz электронды үкімет порталында жеке кабинеттен тексере алады.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қажетті мағлұматтарды автоматты түрде ІІМ мәліметтер базасынан ала алады.
Өзге ұйымдар, соның ішінде ІІМ мәліметтер базасына кіре алмайтын жеке компаниялар азаматтың тіркелген жері бойынша мағлұмат алудың жаңа қызметін пайдалана алады", – делінген постта.

Бұдан бөлек, Мұрат Жұманбайдың сөзіне қарағанда, мүдделі тарап қажетті мәліметті алу үшін сауал жолдайды, ал қызмет көрсетіліп жатқан азамат СМС арқылы бұл сауалды растауы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823263-mekenzaj-anyktamasy-berilmejdi-kazakstandyktarga-neni-bilu-kerek/

pixel