RU
Баласының төсегінен елес көрген келіншектің зәресі ұшты (фото)

Баласының төсегінен елес көрген келіншектің зәресі ұшты (фото)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желі қолданушысы баласының төсегінен елес көргенін, оның сәбиінің қасында ұйықтап жатқанын айтып, шошып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ

Элизабет Марица есімді әйел Facebook парақшасында қорқынышты түн туралы жазба қалдырды.

Келіншек баласының бөлмесіне бейнебақылау камерасынан қарап отырған сәтте, сәбиінің төсегінде жатқан елестің түрін анық көреді.

Алайда перзентіне баруға батылы жетпеген ол, балалар бөлмесіне таңертең бір-ақ кіреді. Сөйтсе көзіне көрінген елес емес, матрацтың жарнамасы екенін білген.

Баланың әкесі матрацты қаптауды ұмытып кетіпті, ал оның үстіне салынған жұқа жаймадан сурет елес секілді көрінген.

Элизабеттің бұл жазбасы 483 мыңдай лүпіл жинап, 271 адам пікір қалдырған. Сондай-ақ, 286 мың адам жазбаны бөліскен.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel