Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көп балалы ана үйде отырып сұлулықты сақтап қалудың сырымен бөлісті

Опубликовано:

Төрт баланың анасы, визажист Әйгерім Несіпбаева үйде отырып-ақ табыс тауып, өз бизнесін дөңгелетіп отырған көп балалы ана. Енесін ерекше құрметтеп, жолдасының үй тірлігіне араласпауын қалайтын ол KAZ.NUR.KZ тілшісіне "декреттегі" аналардың сұлулығының құпиясын ашып берді.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: Instagram

- Әйгерім сәлеметсіз бе, алдымен оқырмандарға өзіңізді таныстырып өтсеңіз? Нешедесіз? Қанша балаңыз бар?

Аты-жөнім Әйгерім Несіпбаева Бекболатқызы. 36 жастамын. 4 баланың анасымын.

- Білуімізше мэйкап шеберісіз, бұл бизнеске қалай келдіңіз? Бет әрлеу өнерін кімнен үйрендіңіз?

Иә, дұрыс айтасыз, мэйк-ап шеберімін, осыдан 3-4 жыл бұрын інім үйленіп, сол тойға үйге шаштараз бен вижажистті шақыру керек болды. Тойда визажист сіңілім болып, оның жұмысы ұнап, өзім де қызығушылық танытып, үйде отырып, салонға барып жұмыс істемей-ақ, жан-жаққа шығып, ақша тапсам болады екен ғой деген ой келді. Ол кезде балам кішкентай, бір жылдан кейін, өскен соң, сіңілімнен оқып, үйрендім. Сондықтан оған көп рахмет айтамын. Қазір үй де отырып та, азын-аулақ табыс тауып жатырмын.

- Клиенттеріңіз көп пе? Жалпы қазір бет әрлеу қызметіне көпшілік жүгінетін болды. Оның арасында өзіміздің қаракөз апаларымыз да кездесіп жатады... Үлкен адамдарға жалпы мэйк деген керек пе? Жеке пікіріңізді білсек?

Клиентім аз деп те, көп те айта алмаймын. Табыс табамын деген адам негізі ақырындап өз тіршілігін жасайды. Үйде отырсам да, көп табыс табуды көздеп отырған жоқпын. Бірақ шағын ауданымның қыздарына қызмет етіп жатқан жайым бар...

Апаларымыз да келеді, олар да мэйкап жасатады, өйткені ол кісілер де той-домалаққа әдемі болып барғысы келеді. Мен оған қарсы емеспін. Сондықтан ол кісілерді де, анамды да бояймын. Үлкен кісілердің арасында мұғалімдер, тіпті зейнетке шықса да, жұмыс істеп жатқан адамдар да келеді. Сондықтан мен ондайға қарсы емеспін.

- Декретте отырып, қосымша табыс тауып, түрлі қызметтерді игеріп жатқан қыз-келіншектер аз емес. Соның бәріне қалай үлгересіздер?

Меніңше декретке шықтым екен деп, өзіңді тастап, баламен ғана шектеліп қалу дұрыс емес сияқты. Қазіргі бәрі дамып жатқан заманда, әр әйел өз-өзіне көңіл бөліп, даму керек. Сондықтан мен өзіме тайм-менеджмент жасап алғанмын, яғни өзімнің күн тәртібім бар. Оған қоса мен той-домалақ, тұсаукелерге барып ән де айтамын. Балаларыма да уақыттарының қызықты өтуін қадағалаймын, былайша бәріне уақыт табуға тырысамын. Меніңше әйел адам бәріне үлгеруі керек.

- Жолдасыңыз үй шаруасына көмектесе ме? Жалпы ер адамның үй шаруасына, әйел адамның тірлігіне көмектесуіне қалай қарайсыз?

Жолдасым көмектеседі, бірақ әйел адам істейтін жұмысқа жоламайды. Ас үйге жоқ, шай қайда, қант қайда дегенді білмейді. Бірақ балаларды бағуға көмектеседі, мысалы мен жаңағы айтып отырған тірліктерге кетіп қалсам, балалармен отырады. Былайша айтқанда ер адамның қолы керек тірлікке араласады.

Ал ерлердің әйел адамдардың тірлігіне араласуына қарсымын. Еркектер үйдің ұсақ-түйек жұмысына араласатын болса, отбасы болмайтын сияқты. Одан да ер адамға өзіне міндеттелген, қаржы тауып, отбасын асырау деген тірлікпен айналысуы керек деп ойлаймын.

- Енеңізбен қарым-қатынасыңыз қалай?

Енеммен қарым-қатынасымыз құдайға шүкір өте жақсы. Бірақ ол кісімен бірге тұрмаймыз, ол кісі ауылда тұрады. Бірақ келген сайын құшақ жая қарсы алып, сыйлығымызды беріп жатамыз. Келген сайын өзі жақсы көретін тағамдарын дайындап қоюға тырысамын. Ол кісі келген сайын батасын алып, анамнан артық күтемін.

- Әңгімеңізге рахмет!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823280-kp-balaly-ana-jde-otyryp-slulykty-saktap-kaludy-syrymen-blisti/

pixel