Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыруар ақшаға сатып алынған АПЛ футболшысы мас күйінде ұсталды

Опубликовано:

Англияның Лидс қаласының полицейлері "Шеффилд Юнайтед" футбол клубы мен Шотландия құрамасының шабуылшысы Оливер Макберниді автокөлікті мас күйде басқарып бара жатқан жерінен ұстады деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Оливер Макберни. Фото: Sport.ua
Оливер Макберни. Фото: Sport.ua: Facebook

Оқиға 18 қазан күні таңертең болған. Футболшы Батыс Йоркширде өткен сауық кешінен кейін рөлге отырған.

Спортшы 6 қарашада сот алдында жауап береді. Мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін оған қатысты айыппұл төлеу, жүргізуші куәлігінен және алты айға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленуі мүмкін.

23 жастағы Макберни биылғы жазда "Суонсиден" "Шеффилд" командасына ауысқан болатын. Бұл трансфер аталған футбол клубының тарихындағы рекордтық сомаға бағаланды.

Клуб футболшыны 20 млн фунт стерлингке (23,2 млн еуро) сатып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1823289-kyruar-aksaga-satyp-alyngan-apl-futbolsysy-mas-kjinde-staldy/

pixel