RU
21 қазаннан бастап елімізде шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге де айыппұл салынбақ

21 қазаннан бастап елімізде шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге де айыппұл салынбақ

Рассказать Вконтакте

Бүгіннен бастап көлігі шетелде тіркелген азаматтарға айыппұл төлеу туралы нұсқама жіберіледі деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Көрнекі сурет: flickr

Көрнекі сурет: flickr

Бұдан былай фото және видеофиксация жүйесіне тіркелген заңбұзушылықтар үшін айыппұл төлеу туралы нұсқама тек қазақстандық нөмірі бар жүргізушілерге ғана емес, көлігі шетелде тіркелген азаматтарға да келеді.

Жаңашылдық Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында күшіне енбек.

"Бұған дейін мұндай мүмкіндік болмайтын. Өйткені заңбұзушылықтар туралы нұсқама Қазақстанда тіркелген автокөліктің техникалық паспортындағы жазбаның негізінде жасалатын", – деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Ал шетелдік нөмірлер бойынша жүргізушінің жеке басын анықтау мүмкін емес болғандықтан, әкімшілік нұсқама жасалынбайтын.

Бас прокуратура шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілерінің жеке басын анықтау үшін әкімшілік полиция комитеті, ұлттық банк, мемлекеттік кредиттік бюромен бірлесіп, ауқымды жұмыс жүргізді.

Сіздің реакцияңыз
2
3
3
0
7
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel