RU

Жамбылдық азамат өз танысының қызына сексуалдық зорлық көрсетті деп күдіктелуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында өз танысының қызына сексуалдық зорлық-зомбылық көрсетті деп күдіктелген азамат ұсталды. Осыған дейін полицияға бұл мәселемен Тараз қаласының тұрғыны арыз жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұсталған азамат туралы өңірдің полиция басшысы Арман Оразалиев өз Facebook парақшасында жазды.

Осыған дейін Жамбыл облысының бас полицейі 17 қазан күні 39 жастағы Тараз тұрғыны танысы өз қызына сексуалдық зорлық көрсеткенін айтып, шағымданғанын жеткізген.

Сонымен қатар, азамат теледидар ұрлап кетіпті.

21 қазан күні тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. 36 жастағы азамат Таразға жеткізілді. Енді тиісті тергеу жұмыстары жүргізілмек.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбылдық азамат өз танысының қызына сексуалдық зорлық көрсетті деп күдіктелуде
Mailfire view pixel