RU
"Қарым-қатынас жалғасады": Лукашенко қазақстандық журналистерге сұхбат берді

"Қарым-қатынас жалғасады": Лукашенко қазақстандық журналистерге сұхбат берді

Рассказать Вконтакте

Беларусь президенті Александр Лукашенко "Хабар" агенттігіне сұхбат берді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: president.gov.by

Фото: president.gov.by

"Хабар" агенттігі басқарма төрағасы Ерлан Бекхожинмен әңгіме барысында Беларусь Президенті екі елдің бүгінгі қарым-қатынасы жөнінде жан-жақты айтты. Сондай-ақ, ол болашақта екі ел арасындағы қарым-қатынастың дами беретіндігін, тауар айналымның өсетіндігін жеткізді .

Сұхбат барысында А. Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақ туралы, оның географиясының кеңеюі тақырыбына бөлек тоқталды. Президент екі ел арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырудағы негізгі кезеңдерге тоқталып, "тәуелсіздік" сөзінің негізгі мағынасын, мәнін түсіндірді.

"Жаңа президенттің басқару кезеңінде де екі ел арасындағы қарым-қатынас жалғасын табады. Біз осы бағытты ұстанатын боламыз",- деді Александр Лукашенко.

Сұхбат барысындағы Президентке жолданған сауалдардың басым бөлігі Беларусь пен Қазақстан елдерінің қарым-қатынастарының дамуына, Еуразиялық экономикалық одақ форматының өзара әрекеттесуінің проблемаларына қатысты болды. Сонымен бірге, Беларусь басшысының жеке басына қатысты да кейбір сұрақтар да қойылды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel