Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Медбикені зорлады деп айыпталған шымкенттік дәрігер неге ақталып шықты

Опубликовано:

Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов желідегі Facebook парақшасында медбикені зорлады деп айыпталған шымкенттік дәрігердің неге ақталып шыққанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Сәдуақасов қылмыстық сот ісін жүргізуде негізгі қағида бар екенін, тағылған айып заңда көзделген тәртіп бойынша дәлелденбесе, адам кінәсіз деп саналатынын айтты.

Осы ретте қылмыстық кінәні дәлелдеу айыптаушының міндетіне жатады.

"Осы іс бойынша сот тергеу органдарынан дәрігердің кінәсін растайтын жеткілікті айғақтар алған жоқ. Сондықтан да сот ақтау үкімін шығаруға міндетті. Заң бойынша басқа шешімнің болуы мүмкін емес. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, Жоғары соттың баспасөз хатшысы жәбірленуші тарап бұл шешімді жоғары сатыларда даулауға құқылы екенін де атап өтті.

"Осыған байланысты сот органдары атынан істің мән-жайын ашып көрсететін қандай да бір комментарий беруге болмайды. Оның үстіне әңгіме зорлауға қатысты болып отыр. Бұл санаттағы істер соттарда жабық режимде қаралады. Неліктен ешкімге түсіндірудің қажеті жоқ. Өйткені бұл іс ондағы негізгі тұлғаларға ғана емес, сонымен қатар олардың отбасына, жақындары мен балаларына да қатысты", - деді ол.

Осы орайда, Айдос Сәдуақасов БАҚ өкілдерін, қоғам қайраткерлері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тараптардың жеке өмірінің құпиясына көлеңке түсіретін қандай да бір жарияланым жасаудан бас тартуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823367-medbikeni-zorlady-dep-ajyptalgan-symkenttik-driger-nege-aktalyp-sykty/

pixel