RU

Бір уақытта жүкті болған аурухана медбикелері әлемді таңғалдыруда (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Испанияның Барселона қаласындағы аурухананың бірінде жеті медбике бір уақытта жүкті болып қалған деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Аурухана қызметшісі жеті бірдей аяғы ауыр медбикенің суретін желіге жариялады. Олардың барлығы дерлік іштерін көрсетіп, фотоға түскен.

Медбикелердің арасында ең кішісі - 31 жаста, ал үлкені - 47-де.

Олардың барлығы жаңа туған нәрестелерді емдейтін неонатология бөлімінде жұмыс істейді.

"Кейде оңайға соқпайды. Кейде біз 24-25 апталық балаларды емдейміз. Ал олар сенің ішіңдегі нәрестеден кішкентай. Бірінші нәрестеге, сосын ішіңе қарайсың.
Оның анасын эмоционалды түрде қолдау керек. Ал орталарыңда сенің ішің тұрады. Оған қарап сенде бәрі дұрыс екенін аңғаруға болады", - дейді медбикелердің бірі.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бір уақытта жүкті болған аурухана медбикелері әлемді таңғалдыруда (фото)
Mailfire view pixel