RU
Жалғас Жұмағұловты жерлестері әуежайдан дүркіретіп күтіп алды (фото, видео)

Жалғас Жұмағұловты жерлестері әуежайдан дүркіретіп күтіп алды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Сочиде өткен ережесіз жекпе-жек турнирінде чемпиондық атағын сәтті қорғап шыққан Жалғас Жұмағұлов елге оралды. Спортшыны Ақтөбе әуежайында бір топ жерлестері күтіп алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық спортшыға ерекше құрмет көрсетіп оны әуежайдан күтіп алуға туған-туыстары, достары мен оның шеберлігіне тәнті жанкүйерлері жиналған.

Олар шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеп, Әли Багаутиновтен айласын асырған Жұмағұловты құшағына алып, онымен суретке түсу үшін кезеккке тұрған.

Жұмағұловтың жерлестері әуежайдан күтіп алған соң, бір топ машинамен қала көшелерін шулатқан.

Бұл әрекетімен олар жеңімпаздың үйіне оралғанын білдіргісі келсе керек.

Ал тұрғындар ережесіз жекпе-жек жұлдызымен түскен суреттерімен әлеуметтік желіде бөлісуде.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов Сочиде өткен ережесіз жекпе-жек турнирінде ресейлік спортшы Әли Багаутиновты жеңіп кетті.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
27
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel