RU
11 метр биіктен құлаған 3 жасар бала ғажайыптың күшімен аман қалды
Жаңалықтар Калейдоскоп

11 метр биіктен құлаған 3 жасар бала ғажайыптың күшімен аман қалды

Рассказать Вконтакте

Үндістанның Мадхья-Прадеш қаласында үш жасар бала екінші қабаттағы балконда ойнап жүріп, кенеттен 11 метр биіктіктен құлап кетті. Абырой болғанда жол жөнекей кетіп бара жатқан арба балақайдың жанын аман алып қалды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Бақылау камераларынан балақайдың жол жөнекей кетіп бара жатқан арбаға аяқ асты құлай кеткенін көруге болады.

Өзінің арбасына кішкентай баланың ұшып түскенін көрген ер адам бірден оны көтеріп алуға тырысты.

Мұны байқаған жаяу жолшылар көмекке келе бастады. Кейінірек балақай ауруханаға жеткізілді. Дегенмен дәрігерлер одан ешқандай жарақаттарды анықтамады.

Баланың ата-анасы арбаның иесіне киім мен оның отабсына тәттілер алып, алғыс білдірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel