RU
Бағдарламаға тақия киіп, боянып келген қуыршақ жігіт көрерменнен таяқ жеді

Бағдарламаға тақия киіп, боянып келген қуыршақ жігіт көрерменнен таяқ жеді

Рассказать Вконтакте

КТК арнасындағы Астарлы ақиқат бағдарламасына басына тақия киіп, кірес таққан бет әрлеуші жігіт көрерменнің ашуын тудырды. Эмоциясын ұстай алмаған белгісіз жігіт макияж жасап келген азаматтың алқымынан алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Бағдарламаға келген Әділ есімді жігіт өзінің бьюти блогер әрі бет әрлеуші екенін сөз етті. Сұлулыққа жаны құмар азамат өзгелермен қоса өзін де бояғанды ұнатады екен.

"Төртінші сыныпта бетіме безеу шықты. Сол кезде әпкемнің опа-далабын көрдім. Оның не екенін білмедім. Жай ғана жағып көрдім. Жапққан соң ғажайыптың күшімен безеуім жоқ болып кетті. Сосын сол туралы ұмытып, 9-сыныпта бояуларды қайта қолдана бастадым", - дейді жігіт.

Тақия мен кіресті бірдей таққан жігіт не үшін бұлай істегенін түсіндіріп өтті.

"Көпшілік мені тақияны еріккеннен киді деп ойлайтын шығар. Тақияның мен үшін маңызы зор. Себебі ол өмірден өткен атамның тақиясы. Ал кірес - жай ғана әшекей. Мен мұсылманмын", - дейді Әділ.

Кейіпкердің осы сөзінен кейін залда отырған көрермен жас жігіттің жағасынан алып, басындағы тақияны шешіп тастады. Ол Әділді "еркек" болуға шақырып, жағасынан алды.

Әділ өз кезегінде жай ғана сүйікті ісімен айналысып жүргенін және сырт келбетінің жай ғана образ екенін айтуда. Сөзінше, ол болашақта денесіне өзгерістер енгізіп, нәзікжанды болуды ойламайды.

"Мен Құран оқығанмын. Жан дүниемде өзімді әйел деп санамаймын. Жынысымды да өзгертпеймін 100% өзімді еркек санаймын", - деп ағынан жарылды жас жігіт.

Сіздің реакцияңыз
17
10
6
4
1
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel