Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір басы екеу болсын": Желіде ересек адамның тұсауын кесіп жатқан видео тарады

Опубликовано:

Желіде ересек адамның тұсау кесіп жатқан видео тарап, елдің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары бүлдіршіндерге арналған салт-дәстүрдің не себепті ер адамға жасалғанын түсіне алмай әлек болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Желіде талқыланып жатқан бейнежазба Instagram желісіндегі astana_zello_01 парақшасында жарияланған.

Видеоны ел назарына ұсынған автор оның астына "Үйленбей, жолы болмай жүрген достарыңды белгіле" деген жазба қалдырған.

Бейнероликте азаматтың тұсауын кесіп жатқан әйел адам оған бір басы екеу, қадамы оң болуын тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823399-bir-basy-ekeu-bolsyn-zelide-er-adamny-tsauyn-kesip-zatkan-video-tarady/

pixel