Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неке куәлігін бермей отыр": Күйеуінің таяғынан шаршаған әйел жан сырын ақтарды

Опубликовано:

2013 жылы тұрмысқа шыққан келіншек күйеуінің құйтырқы әрекеттерінен әбден мезі болған. Ажырасуға бел буған екі баланың анасы бүгінде жұбайымен бірге де тұрмайды. Алайда, жұбайынан бөлек кеткісі келген әйел неке куәлігін ала алмай жүр деп жазады "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: segodnya.ua
Көрнекі фото: segodnya.ua: Facebook

26 жастағы келіншектің жарынан бөлек тұрып жатқанына төрт айдан асып кеткен.

"Ажырасқым келеді. Себебі, күйеуім қол көтереді, көзіме шөп салады. Соңғы ұрғанында ауруханадан бір-ақ шықтым. Ажырасайын десем, күйеуім неке куəлігін бермей отыр. "Неге бермейсің, ажырасқың келмей ме" десем, біраз жалынсай, бәрібір бермеймін дейді", - деп мұңын шақты ол.

Қолында неке куәлігінің нотариалды бекітілген нұсқасы бар әйел көптен кеңес сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823401-neke-kuligin-bermej-otyr-kjeuini-taagynan-sarsagan-jel-zan-syryn-aktardy/

pixel