RU
Сұлулық салонына барған бойжеткен өмірге қауіпті инфекция жұқтырып алды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Сұлулық салонына барған бойжеткен өмірге қауіпті инфекция жұқтырып алды

Рассказать Вконтакте

Америкалық ару сұлулық салонында педикюр жасатамын деп өмірге қауіпті инфекция жұқтырып алды. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Теннесси штаты Мурфрисброр қаласының тұрғыны Челси Ллойдтың сөзінше, ол салонға қыркүйек айында барған.

Педикюр жасатқан соң қыздың аяғында түрлі жаралар пайда болып, екі күннен соң барлық денесіне жайлаған.

Бірден ақ халаттыларға жүгінген Ллойдтың ағзасында стафилококк инфекциясы бар екені анықталыпты. Түрлі антибиотиктер мен дәрілер қабылдаған америкалық ару еміне 500 доллар жұмсаған екен. Ал салон иелері оған барлық соманың тек жартысын ғана қайтарыпты.

Сұлулық салонының менеджері клиенттің дәл сол салоннан инфекция жұқтырғанын теріске шығарып отыр. Соған қарамастан, сұлулық үйі аруға өтемақы берген.

Стафилококк инфекциясы тері ауруларына, сондай-ақ, өлімге душар ететін менингит, пневмония мен сепсис сынды ауруларға әкеп соғады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel