Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаевтың шетелдік іс-сапарларын енді мемлекет төлейтін болады

Опубликовано:

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдік іс-сапарларын енді мемлекет төлейтін болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz: UGC

"Өкілдік шығындар" үлестірілген бюджеттік бағдарламаны тарату ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №1 бұйрығына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Құжатқа сәйкес, енді өкілдік шығындар - бұл кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне шетелдік делегацияларды қабылдауға, отырыстарды, конференцияларды, кеңестерді, семинарларды, салтанатты және ресми іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ ҚР президентінің, ҚР тұңғыш президенті - Елбасының, ҚР премьер-министрінің, ҚР мемлекеттік хатшысының, ҚР Сыртқы істер министрінің, республикалық бюджет есебінен ұсталатын ҚР мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларының шетелдік сапарлары кезінде өкілдік мақсаттарға бөлінетін қаражат.

Айта кетейік, бұған дейін өкілдік шығындар анықтамасында еліміздің тұңғыш президенті - Елбасы туралы сөз болған жоқ.

Соның салдарынан бөлінетін "өкілдік бағдарламалар" бюджеттік бағдарламасын бөлу ережесіне қосымшаға да тиісті өзгерістер енгізілді.

Мәселен, енді бірқатар лауазымды тұлғалардың шетелдік сапарлары кезінде өкілдік шығындардың нормалары (күніне АҚШ долларымен есептегенде): ҚР президенті – 5 мың, Елбасы – 5 мың, ҚР премьер-министрі – 3 мың, ҚР мемлекеттік хатшысы – 2,5 мың, ҚР Сыртқы істер министрі – 2 мың доллар болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1823448-nazarbaevty-seteldik-is-saparlaryn-endi-memleket-tlejtin-bolady/

pixel