RU
Әділет министрі Тоқаев қандай жағдайда Назарбаевпен келісетінін мәлімдеді

Әділет министрі Тоқаев қандай жағдайда Назарбаевпен келісетінін мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Әділет министрі Марат Бекетаев үкімет отырысында Қазақстан президентінің елдегі лауазымды тұлғаларды тағайындау кезіндегі Қауіпсіздік кеңесі төрағасының өкілеттіктерін кеңейту туралы жарлығына түсінік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

"Мен жағдайды драмаға айналдырмайтын едім. Бұл мәселе бойынша нормалар "Қауіпсіздік Кеңесі туралы" заң қабылданған кезде қолданысқа енген. Президенттің жарлығына қол қойылғандығы барлық процедураларды нақты реттейтін болады.
Белгілі бір лауазымдарды мақұлдау туралы шешімді парламент қазірдің өзінде қабылдап, оған президент қол қояды. Бұл қос билік пайда болады деген сөз емес", - деді Бекетаев.

Министр жарлықта барлық процедура анық жазылғанын, оған сәйкес, президент шешім қабылдамас бұрын консультация өткізетінін мәлімдеді.

"Сондықтан консультация кезінде барлық түсініспеушілік жойылуы керек. Соңғы сөзді қауіпсіздік кеңесі айтады. Бұл алқалы орган. Елбасы төрағалық етеді, сол себепті бәрі ашық түрде шешіледі", - деді ол.

Сондай-ақ, әділет министрі журналистердің елдегі президенттік биліктің әлсіреуі туралы пікірін теріске шығарды.

"Бұл президент билігінің әлсірегенін білдірмейді, себебі бұл келісудің қалыпты процедурасы", - деді Бекетаев.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік билік органдары жүйесінде кадрлық саясат саласындағы өкілеттігін кеңейтетін жарлыққа қол қойды.

Оған сәйкес, енді президент министрлер мен әкімдерді қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен келісіп барып қана тағайындайды. Бұл тізімге сыртқы істер, ішкі істер және қорғаныс министрліктерінің басшылары кірмейді.

Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel