RU
Әйгілі теннисші Рафаэль Надаль 14 жыл бойы кездескен сүйіктісіне үйленді

Әйгілі теннисші Рафаэль Надаль 14 жыл бойы кездескен сүйіктісіне үйленді

Рассказать Вконтакте

Әлемге танымал испаниялық теннисші Рафаэль Надаль үйленді. Спортшының таңдауы Мария Франциско Перелло есімді аруға түскен. Қос ғашық он төрт жыл бойы кездесіп жүрген деп жазады woman.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әйгілі теннисшінің некелесу салтанаты 19 қазан күні Майоркаға қарасты Порт-де Польенса қаласындағы Ла-Форталеза атты жеке қожалықта өткен. Үйлену тойына жас жұбайлардың тек ет-жақындары шақыртылған.

Меркелік шарада 350-ден астам болды. Рафаэль Надальдің қуанышына танымал теннисшілер Давид Феррер мен Фелисиано Лопес және Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлос I жұбайы Софиямен бірге келген.

Айта кетерлігі, испаниялық спортшы үйлену тойына теннис саласындағы досы Роджер Федерерді шақырмаған. Оған не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Majorca Daily Bulletin мәліметінше, Надаль дүбірлі тойының ұйымдастырылуына асқан жауапкершілікпен қараған көрінеді. Себебі, қожалыққа кіру әскери база арқылы жүзеге асырылған. Той қонақтарына мерекелік кешке телефонмен кіруге тыйым салынған. Оған қоса, салтанатты шарада қызмет еткен даяшылар мен басқа да персонал қызметкерлері той жөнінде ешкімге тіс жармау жөнінде келісімге қол қойған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel