RU
"Жалғасқа төрешілер көмектескен жоқ": Гаджиев дау тудырған жекпе-жек туралы айтты

"Жалғасқа төрешілер көмектескен жоқ": Гаджиев дау тудырған жекпе-жек туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Fight Nights Global басшысы Камил Гаджиев Сочидегі турнирде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік Али Багаутинов арасындағы жекпе-жектің нәтижесі жөнінде пікір білдірді деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: fightnews.info

Фото: fightnews.info

Аталған жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілген болатын. Кездесу аяқталған соң екі тарап арасында біршама дау туындады.

Промоушен басшысы басылымға берген сұхбатында өз басы, жекпе-жекті реселік спортшы жеңді деп есептейтінін айтты.

"Жекпе-жек басында ол басымдыққа ие болды. Кейінгі раундтар тең түсті, оларды әркім әрқалай есептеуі мүмкін. Мен жеңісті 48:47 есебімен Алиге беретін едім", – дейді Гаджиев.

Төрешілердің бірі төрт раундты Жалғастың пайдасына есептеген.

Fight Nights Global басшысы оның шешімімен келіспейтінін атап өтті.

"Оны жеке танымаймын, бірақ, бұл төреші барлық тең раундтарды Жұмағұловтың пайдасына шешкен. Мен онымен келіспеймін, басқаша есептер едім, алайда, бұл жерде ешқандай даулы мәселе көріп тұрған жоқпын.
Бас төреші – Краснодардан. Оның Жұмағұловпен қандай байланысы бар? Не үшін оған көмектеседі? Төрешілердің көмектеспегеніне нық сенімдімін", – деді ол.

Айта кетейік, кездесу аяқталған соң төрешілердің шешімімен келіспеген Али Багаутинов жекпе-жек нәтижесіне бәс тігудің ықпал еткенін алға тартқан болатын.

Ол тіпті, Жалғасқа бәс тігіп, ұтысқа ие болғандардан ақшаларын қайырымдылық мақсатта жұмсауларын сұрады.

"Егер факт болса – көрсетіңіздер, тергеу жүргіземіз. Ал бұл әншейін бос сөз, эмоция", – деді бұл жайында Гаджиев.

Сондай-ақ, ол жекпе-жек аяқталған соң туындаған дау-дамайға қатысты пікірін білдірді.

"Жанжал болған жоқ, жай біреулер шулап бастады. Ол жерде қызуқанды адамдар көп, ондай болып тұрады. Қорқатын ештеңе болған жоқ, спортшылардың да бір-біріне ешқандай реніші жоқ", – деді промоушен басшысы.
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel