Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда Назарбаевқа қандай тағамдар ұсынылады

Опубликовано:

Жапонияда елдің жаңа императоры Нарухитоның таққа ресми отыру рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Аталған оқиғаның құрметіне банкет ұйымдастырылады. Үкіметтегі дереккөздер жоғары мәртебелі қонақтарға қандай тағам ұсынылатынын айтты деп жазады РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Инсайдердің сөзінше, банкет барысында қонақтарға жапон ас үйінің таңдаулы тағамдары ұсынылмақ. Алайда елдердің лидерлеріне олар үйренбеген яки мемлекеттерінде қабылданбайтын тағамдарды ұсынбайды.

"Теңіз мөңке балығы, сиыр еті, қысқышсыз шаян ұсынылда.ы Ешқандай кит, дельфин, фуга балығы берілмейді", - деді дереккөз.

Барлығы төрт қабылдау өтеді. Оның біріншісі бүгін кешке болады. Екінші кездесу күндізгі уақытта өтеді. Түскі ас 25-қазанға жоспарланған. Түскі ас пен кешкі ас мәзірінде айырмашылықтар болады.

Тағы да екі іс-шара 29-31 қазанда өтеді. Қабылдаулар фуршетпен аяқталады.

Сондай-ақ, императордың қонақтары арасында вегетариандар да бар, оларға көкөністер ұсынылады. Сонымен қатар, ас мәзірінде хала ет те болады.

Инсайдердің сөзінше, мәзір қонақтардың әрқайсысы нені ұнататыны талқыланған соң, алдын-ала жасалған.

Еске сала кетсек, Елбасының Жапония императоры Нарухитоның ресми интронизация рәсіміне хатысқаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1823465-zaponiada-nazarbaevka-kandaj-tagamdar-synylady/

pixel