RU
"Аяғы ауыр": Досының сүйіктісімен төсектес болған жігіт ағынан жарылды

"Аяғы ауыр": Досының сүйіктісімен төсектес болған жігіт ағынан жарылды

Рассказать Вконтакте

Ащы суға сылқия тойып, досының қызымен жыныстық қатынасқа түскен ер адам көп уақыт өтпей арудың жүкті екенін білген. Жігіт досының қуанышты жаңалықты естіп, сүйіктісіне үйленгелі жатқанын да сөз етті. Алайда ол баланың өзінен болуы мүмкін екені ойлап жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ер адам оқиғасымен Instagram-дағы forum_kaz парақшасында бөлісті.

Жігіттің сөзінше, ол мұндай қадамға қалай барғанын әлі күнге дейін білмейді екен.

"Досымның сүйіктісімен төсектес болып қойдым. Бәріміз мерейтойды өткізіп отырып, мас болдық. Бөлме қараңғы еді. Ол мені жігітімен шатастырып алған болар.

Бәрін біле тұра осындай жағдайға жол беруі де мүмкін. Мұның қалай болып қалғанын өзім де білмей қалдым.

Десе де маңызды емес. Мен арамызда болғанды ешкімге айтпадым. Ол қыз да есіне түсіруге тырыспады", - дейді жігіт.

Қыздың жүкті екенін білген ол баланың өзінен болуы мүмкін екенін алға тартты.

Бір қызығы, азамат жақында әке болатынын білсе де, досының сүйіктісіне үйленетін ойы жоқ екенін жазды.

"Біраз уақыт өткеннен кейін мен оның аяғы ауырлағанын білдім. Досым оған үйленбек. Ал мен не істерімді білмеймін.

Ол бала менікі болса, не болады? Досыма бәрін айтсам, оны жолғалтарым анық. Оған үйлену ойымда жоқ. Себебі ол секілді әйелге сенімнің болуы мүмкін емес.

Ал егер бала менікі болса, мен оған көмектесіп өмір бойы оны қолдап өтемін", - деп ағынан жарылды азамат.
Сіздің реакцияңыз
13
2
4
3
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel