Ақорда маңындағы құрылысы аяқталмаған тұрғын үй құлау алдында тұр (фото)
Опубликовано:
Нұр-Сұлтанда "Жайлылық аймағы - 1" тұрғын үй кешенінің құрылысы бітпеген блоктарының бірінің іргетасы шытынап, қисайып қалған. Қатты көлбеу бұзу кезінде пайда болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Тұрғын үй кешенінің бір блогының қисаюы алыстан көрінеді.
Ғимарат ішкі аймаққа қарай қатты еңкейіп қалған.
Блоктың іргетасы шытынап, бірінші қабаттың қабырғалары еденнен көтеріліп кеткен.
Айнала кіруге тыйым салатын ленталар ілінген, тіпті қоршаудың жанынан өтуге де тыйым салынған. "Абайла, құлау қаупі бар" деген ескертетін белгілер бар.
Сүрілгенге дейін қисайған блок осылай болған, мұндағы пәтерлердің бірінде адам тұрғаны байқалады.
Ақордаға қарап тұрған, бұзылып жатқан тұрғын үй кешенінің келбетін біздің фоторепортаждан көріңіз.
Айта кетсек, 15 жыл бойы салынбаған сол жағалаудағы "Жайлылық аймағы" ғимаратын бұзу жұмыстары жақында басталған.
Оның орнына басқа кешен тұрғызылмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1823472-akorda-mayndagy-krylysy-aaktalmagan-trgyn-j-klau-aldynda-tr-foto/