RU
Дүниеге ұл баланың келуі шын мәнінде кімге байланысты

Дүниеге ұл баланың келуі шын мәнінде кімге байланысты

Рассказать Вконтакте

Көптеген нәзікжандылар дүниге қыз бала әкеліп, ұл балаға жүкті болмағанына қынжылады. Оған "Келін ұл тумады" деп сөгетін енелер мен "Ізбасарым жоқ деп бетке басатын" күйеу негіз болады. Day.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ ұл баланың тууы шын мәнінде кімге байланысты екенін анықтап берді.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ол ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың жынысына тікелей әсер етеді деген ғылыммен дәлелденбеген теория бар.

Отбасында негізгі рөлді ер адам атқарса - демек, дүниеге ұл бала келеді, ал әйел атқарса, қыз бала туады деген қағиданы мысалға келтіруге болады.

Белгілі болғандай, сперматозоидтардың 2 түрлі хромосомасы бар: X-әйелдер және Y-ерлер.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында ұлдардың тууына жауап беретін сперматозоидтар бойынша зерттеу жүргізілген, оған сәйкес олардың қозғалмалы екенін, алайда тек 48 сағат қана өмір сүретіні анықталды.

"Қыздар" сперматозоидтар баяу, бірақ ананың денесінде 5 тәулікке дейін болуы мүмкін.

Ал parents.ru сайтының мәліметінше, ерлі-зайыптыларда қыз не ұлдың дүниеге келуі тікелей ер адамға байланысты.

Нақтырақ айтқанда оның сперматозоидтарына қатысты.

Оларда болашақ баланың жынысы туралы ақпарат бар.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel