RU
Қылмыс әлеміне танымал "шымкентский" Рафик елге жеткізілді
Жаңалықтар Қоғам

Қылмыс әлеміне танымал "шымкентский" Рафик елге жеткізілді

Рассказать Вконтакте

Қылмыс әлемінде "Рафик Шымкентский" атымен танылған Рафаэль Бикбаев 2017 жылы Ресейде ұсталған еді. Енді ол Шымкентке жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Рафаэль Бикбаевқа Қылмыстық кодекстің 194 бабы "Бопсалау" бойынша айып тағылған. 2017 жылы Бикбаев басшылық ететін қылмыстық топ Шымкентте Оңтүстік Кореядан келген бизнесменді бопсалап, оның тігін фабрикасын рейдерлік жолмен тартып алған.

Аталған іс бойынша 2018 жылы төрт ер адам, оның ішінде үш қазақстандық кәсіпкер мен өткен өмірі қылмысқа қатысты бір Ресей азаматы бар. Олардың бәрі аса ірі көлемде бопсалау әрекеті бойынша кінәлі деп танылып, алдын-ала келісім бойынша айтарлықтай мерзімге қамауға алынған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, бопсалау бойынша барлық операциялардың жетекшісі әрі ұйымдастырушысы Рафаэль Бикбаев болған. Алайда сол кезде ол шетелге қашып, тергеуден сытылып кеткен. Дегенмен ол Ресейде бірден қолға түсіп, Қазақстанға тек енді ғана депортацияланды.

Сот санкциясына сәйкес, Рафик Бикбаев тергеу изоляторына қамалған. "Оңтүстік кореялық инвестордың фабрикасын рейдерлік жолмен тартып алу" бойынша тергеушілер істі қайта қозғады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel