RU
"Жылап отырмын": Ата-анасына қымбат көлік сыйлаған Назима елді сүйсінтті (видео)

"Жылап отырмын": Ата-анасына қымбат көлік сыйлаған Назима елді сүйсінтті (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Назима ата-анасына су жаңа көлік сыйлап, көпті тәнті етті. Қыздарынан ерекше тосын сый алған ата-анасы да оған дән риза болып, көздеріне жас алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Ата-анасына жасаған айрықша сыйлығы жайлы жаңалығымен Назима өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

"Бүгін мен өзімнің бала күнгі арманымды орындадым. Бала күнімді еске алсам, біз ауылдан үлкен қалаға көшіп келген едік. Әкем пәтер жалдады, онда тіпті жылу да болмаған еді, сол себепті қалың киіммен ұйықтауға мәжбүр болатынбыз...

Сол кезде жай майдың өзі бізге ерекше тәтті көрініп, ал десерт ретінде нанды шайға, кейін қантқа бөккен күйде нанды жейтін едік. Мен үнемі ата-анамның біз үшін жанын салып жұмыс істейтіндерін көріп өстім!

Олар біз жақсы киінсін, дұрыс тамақтансын, өзгелерден кем болмасын деп барын салды", - деп ағынан жарылған әнші.

Назима аталмыш жазбаны жазып, көзіне еріксіз жас келіп отырғанын да жасырмаған.

"Жазып отырып, жылап отырмын. Мені аясын деп жылап отырған жоқпын және өзімнің балалығымнан да ешқашан ұялған емеспін, мен тек мені көпке үйреткен сол өміріме риза екенімді айтқым келеді.

Ата-анам ешқашан өмірге деген өкпелерін айтқан емес, олар маған тек барлығына адам еңбектің арқасында ғана жетуге болатынын үйретті.

Мен еңбек етіп, ақша жинап, зәулім үй алып, ата-анама сыйлайтыным туралы арманымды іштей тілеген күнімді есте сақтаппын. Әрине әлі үйге жете қойған жоқпын, бірақ менің бұл әрекетім ата-анама қайтарған бір ақымның бөлшегі деп қана біліңіздер...
Бүгін менің туған күнім ғана емес, бүгін олардың тұңғышының, олардың нағыз жанұясының туған күні", - деп әсерлі жазба қалдырған ол.

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының аталмыш әрекетіне тәнті болып, жылы тілектерін жаудырған.

Бір қызығы, тілек білдірушілердің арасында Ресей эстрада жұлдызы Тимати, сондай-ақ отандық әншілер де бар. Олар:

"Жарайсың Назима", "Ата-анаң аман болсын", "Ұзақ жасасын" деген тілектерін жарыса жазып жатыр.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel