RU
"Берекелі болады": Жас келін қазақ әйелдерінің неліктен ерлерден көп табыс табатынын айтты

"Берекелі болады": Жас келін қазақ әйелдерінің неліктен ерлерден көп табыс табатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Жас ана Дария Бекболатқызы қазақ әйелдерінің ерлермен қатар табыс тапқанын қолдайтынын жеткізді. KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берген ол "әйелдің тапқан 100 мыңынан ер адамның тапқан 100 теңгесі берекелі" болатынын атап өтті.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

- Дәрия өзіңіз қай жақтан боласыз? Отбасын құрғансыз, қанша бала тәрбиелеп отырсыз?

Мен Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылының тумасымын. Әкем - Бекболат, анам - Жұмагүл. Төрт бала өсіріп тәрбиелеген жанұяданмын. Қазір Таразда тұрамын. Яғни осында тұрмысқа шыққанмын. Иә, шүкір. Отбасы құрғанымызға қазан айында екі жыл болды. Әзірге Асылым есімді тәтті қызымыз бар.

- Парақшаңызды ақтарып, тәтті-дәмді пісіріп, тіпті кейтерингтік қызметпен айналысатыныңызды білдік? Бұл бизнеске қалай келдіңіз?

Рахмет. Тәтті тағамның бизнесінде кішкентай күнімізден жүрміз. Анамның жеке шағын наубайханасы болған. Сол жерден бастадық десем де болады. Кейтерингтік қызметке келер болсақ, өзім қонақ күткенді қатты жақсы көремін. Оны бастағаныма аз уақыт болды.

- Сонымен бірге қыз да ұзатады екенсіз... Құпия болмаса, осы қызмет үшін қанша аласыз?

Әр кезде әрқалай. Той иесімен, немесе сол тойды ұйымдастырып жатқан кісілермен келіскенімізге қарай. Нақты бағасы құпия деп қояйын.

- Бүгінде қыз-келіншектер әсіресе декретте отырғанда қосымша табыс тауып, өздерінің басқа қырларын ашуға тырысатын болған. Сізде де солай болды ма? Негізі мамандығыңыз кім?

Иә, менде де солай болды-ау. Мамандығым - туризм саласы. Мамандығым бойынша жұмыс жасап көрмедім. Үйде отырып табыс табуды үйрететін ханымдар көп қазір. Бірақ олай айтуға мен келіспеймін. Себебі үйде аузын ашып отырған адамға табыс келмейді. Барлығы қажырлы еңбекпен келеді деп ойлаймын.

- Жалпы қыз-келіншектерді қосымша табыс табуға итермелейтін не? Ер адамдардың үйге табыс кіргізу міндетін өзімізге тартып алған жоқпыз ба?

Енді ол әр ситуацияда әр қалай. Кейбір келіншектер амал жоқтан жұмыс жасайды. Қазіргі заманда қоғамда әйел, ер деп бөлінбей бірге табыс тапқанның еш әбестігі жоқ сияқты.

- Жалпы қазақ әйелдері қазір отбасының да, үйдің де, түздің де жұмысын арқалап, бәріне үлгеріп жүр... Ол нені білдіреді? Әлде қазіргі кезде көп айтылып жүрген "ерлер ұсақталып кетті" деген сөз рас па?

Әйел табыс тапса өзіне деген сенімі болатын сияқты. Ер адамның тапқаны бәрібір берекелі болады. Себебі шариғатта да отбасының асыраушысы - ер азамат.

Әйелдің тапқан 100 мыңынан ер адамның тапқан 100 теңгесі берекелірек деп білемін. Ал әйел адамның қосымша табысы ол өзіне, бала-шағаның майда-шүйдесіне жараса да шүкір деу керек.

- Табысты ана ретінде көпке айтар ақыл-кеңесіңіз болса...

Ақыл айтуға бәріміз кереметпіз ғой. Анам кішкентай кезімде де, қазір де айтады. Жұмыстың оңайы болмайды. Адам істегенді адам істейді. Тек ниет болса болғаны деп. Сондықтан барлығы амал-ниетке байланысты. Сіз табыс табамын, қосымша жұмыс жасаймын деп ниеттелдіңіз бе тоқтамаңыз. Бастысы Еріңіз қолдау білдірсе болды. Табысты болайық! Бақытты болайық. Аман болайық!

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel