RU
Ақтөбеде баланың еміне арналған 1,5 млн теңгені көліктен ұрлап кетті

Ақтөбеде баланың еміне арналған 1,5 млн теңгені көліктен ұрлап кетті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде автокөліктің ішінен баланың еміне арналған 1,5 млн теңгені ұрлап кетті. Ұры ұсталып, қамауға алынған. Алайда, қолды қылған ақшасын әлі қайтармады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе тұрғыны "Тойота Прадо" автокөлігімен теміржол вокзалының маңына тоқтаған. Оның әйелі билет алу үшін вокзалға кіріп кеткен.

Сәлден соң ер адам әйелінің артынан мекеме ішіне кіріп, 10 минуттан соң қайтып оралған кезде автокөліктен 1,5 млн теңге жоғалғанын байқаған.

Олар бұл ақшаны аутизммен ауыратын 4 жасар балаларының еміне жинағандарын айтады.

Абырой болғанда, ұрлықшы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Тәртіп сақшылары оны тез арада қолға түсірді. Ол – наркодиспансерде есепте тұрған 30 жастағы жұмыссыз азамат болып шықты.

Айыпталушының ісі Ақтөбенің №2 қылмыстық сотында қаралды. Ол ұрланған ақшаны өз басының қажеттілігіне жұмсағанын мәлімдеді. Осылайша, жәбірленушілерге ақша қайтарылмады.

Сот айыпталушыны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, келтірілген шығынды өтеуге міндеттеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
4
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel