Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еркек тікелей Тәңірден жаралған": Омар Жәлелұлы отбасындағы еркектің рөлі туралы айтты

Опубликовано:

Жазушы әрі абайтанушы ғалым, халық арасына "Харекет" атты еңбегімен танылған Омар Жәлелұлы KAZ.NUR.KZ сайтына сұхбат беріп, қазіргі қазақ қоғамындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Бүгінде отбасы бақыты мен ұлт тұтастығы хақында түрлі тренингтер өткізіп, табысқа жетудің жолдарымен бөлісіп жүрген мотиватордың айтуынша, жанұядағы ер адамның рөлі мықты болмайынша, бәрі де бекер.

"Бізде ер адамның отбасындағы рөлі деген мәселелер ақсап жатыр. Жалпы, қазақ қоғамындағы ер адамның беделіне кеңес заманы кезінде үлкен нұқсан келтірілді.

Міне, сол кемшіліктен біз әлі айыға алмай жатырмыз.

  • Қазақ қоғамы – еркектік бастауы өте мықты қоғам болатын. Ер адам отбасындағы бірінші рөлге лайық саналып, "еркек Тәңіріден тікелей жаралған" деген культ бар еді.

Осының бәрін біз аласапыран жылдарда жойып алып, енді қалпына келтіре алмай жатырмыз. Біздің қоғамда еркекке деген көзқарас өзгеруі керек.

Бабаларымыз айтқан "еркек Тәңірден жаралған" деген культ қайта келмейінше, біздегі ер адамдардың жауапкершілігі де жоғарыламайды.
Мәселен, бүгінде отбасын тастап кететін, балаларына қарамайтын еркектердің көбеюіне олардың қоғамдағы рөлінің әлсіздігі әсер етуде", - дейді Омар мырза.

Сондай-ақ, Омар Жәлелұлы мырза 16 қараша күні Республика сарайында өтетін рухани форумға да ерекше тоқталып өтті.

Себебі, дәл осы форумда отбасындағы береке мен үйлесімділік туралы ауқымды әңгімелер айтылмақ.

"Сапалы өмір сүрудің негіздерін үйрететін республикадағы тұңғыш форумда мен дәстүрлі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құндылықтар туралы сөз қозғаймын.
  • Адам отбасында қалай бақытты болады? Ерлі-зайыптылар отбасындағы гармонияға қалай қол жеткізуде? Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі қандай? Ер адамның орны қандай? Әйел адамның рөлі туралы не білеміз?
Адамның табысты болуы отбасындағы гармонияға тікелей әсер етеді. Міне, ең басты тақырыптап осылар болмақ", - дейді Омар Жәлелұлы.

Айта кетелік, отбасылық бақыттың формуласын үйрететін форум Қазақстанда тұңғыш рет өткелі отыр. Форумға миллионер Марғұлан Сейсембаев, Арман Қуанышбаев, Аманжол Рысмендиев және Омар Жәлелұлы қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1823535-erkek-tikelej-tirden-zaralgan-omar-zlelly-otbasyndagy-erkekti-rli-turaly-ajtty/

pixel