Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дәл бұлай ешкім түсірмеген": Беті күйіп қалған "Алашұлы" әншісі желіні шулатты (фото)

Опубликовано:

"Алашұлы" тобының әншісі Мақсат Рахмет бейнебаян түсіру барысында күйіп қалған келбетін көрсетті. Жаңа құраммен тауға шығып, клип түсірген жігіттер бетін күннен қорғай алмағандарына өкініп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші бұл туралы өзінің Instagram парақшасына жазба қалдырған.

"Достар, уәде етілгендей, "Алашұлының" жаңа бейнебаянының шығуына санаулы сағаттар қалды! Сіздерді не күтіп тұр? Сіздерді өте әдемі бейнебаян күтіп тұр!
Уәде беремін! Дәл бұлай Қазақстанда ешкім әлі бейнебаян түсірмеген!", - деген мақсат Рахмет алдымен халықтан сүйінші сұрады.

Артынша ол бейнебаян үшін қандай құрбандыққа барғандарын, тіпті бет терісінің қатты күйгенін жазды.

"Теңіз деңгейінен 4000 м биіктікке бүкіл түсірілім тобымен жаяу көтеріліп, екі тәулік бойы сіздерге арнап ең әдемі кадрлар жинадық!

Қалаға түскеннен кейін бетіміз осылай күйіп кеткенін байқадық! Бет терісі (очкидің ізінен басқа) түгел түсіп қалды! Бір түлеп алдық Ауырып, ашығанда енді сұмдық! Кетонал аман болсын...

Уәде етіліп қойған түсірілімдер мен тойларға бес батпан тоналка жағып баруға тура келді. Өкініш...

Әрине өкініш болды! Тауда неге бетімізді дұрыс қорғамадық екен деген! Бірақ! Бейнебаянымыздың монтаждалған нұсқасын көргенде өкініш толығымен сейілді!", - деді әнші.

Ал, Мақсаттың жанкүйерлері болса жақсы тілектерін жаудырып, құрбандықпен түсірілген бейнебаянды асыға күтетіндерін жазды.

"Өнер құрбандықты талап етеді деген емес пе.Бастарың аман болсын өнерлі балаларым!", "Ағаа мен ол бейнебаянның үзіндісін көрдім, керемет, Енді тезірек үлкен экранға шығуын күтіп жүрмін", "Бетіңіз география бопты ғой. Алла шипасын берсін", "Өнерің өрлей берсін бауырым!", - деп жарыса жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1823541-dl-blaj-eskim-tsirmegen-beti-kjip-kalgan-alasly-nsisi-zelini-sulatty-foto/

pixel