RU
Адамның сезімі қаншалықты шынайы екенін SMS арқылы қалай білуге болады

Адамның сезімі қаншалықты шынайы екенін SMS арқылы қалай білуге болады

Рассказать Вконтакте

Жантану мамандары адамның көзінен ғана емес, сөйлеген сөзінен де оның пиғылын анықтауға болады дейді. Олардың айтуынша, тіпті, жазған қысқа ғана смс-терінен де сезімнің шынайылығын білуге болады екен деп жазады ernur.kz.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылымның мәліметінше, мәселен психологтар адамдардың Whatsapp желісінде жиі қолданатын сөздеріне талдау жасай келе, мынандай қортындыға келген:

"Қайырлы таң!"... "Қайырлы түн!"

Егер үнемі ол бірінші болып сізге "Қайырлы таң!", "Қайырлы түн" тілесе, онда сізбен сөйлескісі келгені. Бұл сөздер сөйлесуге себеп іздегенін білдіреді.

"Сәлем, не істеп жатырсың?"

Бұл смс-хаттың астарында бірнеше ой жатыр. Егер, бұл смс-хат күндіз жазылса, сіз оның ойындасыз. Егер, күндіз де, түнде де осындай смс жіберетін болса, онда сағынғаны. Ал егер бұндай хатты ол үнемі тек түнде жазса, зеріккені, қайда барарын, не істерін білмегені.

"Мүмкін кездесерміз"... "Хабарласармын"

"Қашан келесің? Бүгін кездесеміз бе?" деген хатыңызға "хабарласармын", "өзім хабарласамын" деген жауап келсе, аса күтпей-ақ қойыңыз. Өйткені, оның жауабында нақтылық жоқ. Сізге деген сезімі де нақты емес.

Оның дәл қазір сезім байланыстырып жүрген басқа сүйгені бар немесе сенен де маңызды шаруалары жетерлік. "Өзім хабарласамын" деген жауап сонымен қатар, "егер, сенен маңызды адам бүгін кездесуге шықпай қойса онда мүмкін саған қоңырау шаламын" дегенінен де хабар береді.

"Сен өте жақсы қызсың (әйелсің)"... "Сен керемет жігітсің"

Whatsapp-тағы әңгіме барысында ол "Сен өте жақсы қызсың (жігітсің)" деген смс келсе, қуанбай-ақ қойыңыз. Әрине, расында да сіз жақсы шығарсың, бірақ бұл смс-хаттың жалғасы былай: "...бірақ менде достық сезімнен басқасы болуы мүмкін емес", "екеуміздің жолымыз екі бөлек". Бұл смс-хаттың астарында "екеуміздің болашығымыз жоқ" деген мағына жатыр. Ол сізде көңілі жоқ екенін нақты айта алмайды, ренжіткісі келмейді.

"Кешір, жауап беруге уақытым болмады" Жазған смс-хатыңды ол оқығанымен, жауап 1-2 сағаттан соң немесе кешке "Кешір, жауап беруге уақытым болмады. Қалайсың?" деген түрде келсе, оның сезімі шынайы емес немесе сенде мүлде көңілі жоқ.

Әрине, егер бір рет жауап кешіксе, онда оны түсінуге болады. Ал, үнемі ол кешіктіріп жауап жіберсе, онда сіз оның ойында да, жүрегінде де емессің.

Егер адамның шын көңілі болса, кез келген уақытта сөйлесуге мүмкіндік таба алады. Шынымен уақыты болмаса, қолы босай салысымен жауап береді. Жіберген смс-терге "қайырлы түн" тілегіңе "рахмет" деп міндетті түрде жазатыны да – оның сезімінің шынайылығын, көңілінің тазалығын ұқтырады.

Сүйген адам қашанда жылдам жауап береді, ал уақыты болмаса оны да жазып ескертеді, әйтеуір жауапсыз қалдырмайды дейді психологтар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel