RU
Артық салмақ қоспайтын қыздардың 8 құпиясы

Артық салмақ қоспайтын қыздардың 8 құпиясы

Рассказать Вконтакте

Олар сізбен бірге отырып тоя тамақтанады, қалағанын алып жейді. Алайда ешқашан артық салмақ қоспайды. Мұның себебін неде? Неліктен кейбір қыз-келіншектер артық салмақ жинауға бейім келеді, ал, кейбірі мүлде керісінше?! Бұл сауалдарға ernur.kz жауап береді.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ұйқысын қандырады

Ұйқы қанған жағдайда көп мәселелер шешіледі. Дене-бітімі үнемі бір қалыпта жүретін қыздар осыны жақсы біледі. Олар түнде ұйқыға кеш жатса, таңертең ерте тұрмайды. Сондай-ақ түнде ұйқысы бұзылған болса, ертеңіне түс мезгілінде ұйықтап алуға тырысады. Осылайша бұл бикештер созылмалы шаршау мен ұйқының қанбауына жол бермейді. Сондықтан да энергияға бай болады. Ал шаршау адам ұйқыны ашу үшін кофе мен тәтті торт немесе шоколад жейтіні белгілі.

Өз қалауын орындайды

Өз қалауын тек тағамнан іздемейді. Өмірінің қызықты өтуіне мән беріп, саяхатқа шығады, серуендейді, достарымен кездеседі. Тіпті, өз жанына жақын іспен шұғылданып, хоббиімен айналысуы да мүмкін. Өзіңізді қуантуға осындай жағдайлар жасасаңыз, артық тамақтанудың қажеті де болмай қалады.

Диета ұстамайды

Қатал диеталарға отырып, өзі қалаған тағамнан бас тарту бұл қыздарға арналмаған. Олар қай уақытта не қалайды, қандай тағамды жегісі келсе, соны жейді. Торттан да ауыз тиюі мүмкін. Бірақ, толықтыққа бейім қыздар секілді бір тортты бір өзі жей салмайды. Бір кесегін жегеннен кейін тоқтай алады.

Ешқашан асықпайды

Олар тамақты асықпай-аптықпай, бір қалыпты отырып ішеді. Тағамның дәмін сезініп, рахаттана отырып тамақтанады. Өйткені фигурасы келісті арулар асқазанға тағамның түскенін мидың тек 20 минуттан кейін ғана қабылдайтынын біліп, өмірде ғалымдардың осындай зерттеулеріне сүйенгенді қалайды. Бұған сенетіндері де сенбейтіндері де бар. Дегенмен, тағамды асықпай жеуге тырысатынын есте ұстауымыз керек.

Қарны ашқан кезде ғана тамақтанады

Олар қарнының ашпағанына қарамастан құрбысымен немесе әріптестерімен, жолдасымен жай ғана бір үстелдің басында серік боп отырғаны үшін тамақтана салмайды. Мұндайда олар лимон салынған қарапайым су немесе шай ішіп отыруы ғажап емес.

Тыным таппайды

Салмақ қоспайтын қыздар әдетте көп жаяу жүреді екен. Сонымен қатар би билеп, кешкілік уақытта серуендеуді әдетке айналдырған. Олар фитнес оталықтарына баруға да қиналмайды. Өзіне ұнайтын спортпен шұғылданып, өзіне ұнайтын іспен айналысады.

Күйзеліспен күресуді біледі

Толықтыққа бейім қыздар көбіне сырын ішіне жасырып, күйзеліске шалдығып жатады. Мұны олардың өздері сезбеуі де мүмкін. Бірақ үнемі күйзелістік жағдайда жүретіндіктен олар тамақты асыра жеп, өздерін басқара алмайды.

Ал сымбатты қыздар ойын ашық айтып, күйзелістен шығудың жолдарын іздейді. Күйзелістен құтылудың бірден бір жолы – бір кесек шоколад деп ойламайды.

Өздерін ұстамдылыққа тәрбиелейді

Қанша айтсақ та адамның артық май жинауына тағамның калориясы әсер етеді. Ал артық салмақ қоспайтын қыздар қай уақытта болмасын өз-өздерін қолға ала алады.

Өзінің ең сүйікті тағамын алдына қойса да олар артық жемейді. Ал жеп қойған жағдайда тез арада артық маймен күресіп, оны жоюға тырысады.

Босаңсу дегенді білмейтін мұндай қыздар тұрмысқа шығып, балалы болғаннан кейін де мүсінінің дәл солай сақталуын қадағалайды. Міне, сондықтан да олар ешқашан артық салмақ қоспайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel