RU
Конор Макгрегор Қазақстандағы бокс туралы пікір білдірді

Конор Макгрегор Қазақстандағы бокс туралы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

UFC жұлдызы Конор Макгрегор Қазақстандағы ММА жөнінде не білетінін айтып, қазақстандық боксты таңғаларлық деп атады деп жазады Vesti.kz порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мен Қазақстаннан шыққан ММА спортшыларын білмеймін. Қазақстандағы бокстың феномен екенін және еркін күрес сияқты тарихы терең екенін білемін", - деді Макгрегор.

Файтер егер оны Қазақстанға шақырса, келуге уәде берді.

"Спорт-Экспресс" порталының жазуынша, Макгрегордың баспасөз конференциясы Киевте өткен. Ирландық файтер жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Конор өзінің соңғы жекпе-жегіне де тоқталды. Ол Нурмагомедовтен жеңілісін саралаған. Файтердің сөзінше, Хабибті айқаста асыра бағалап, оның соққы техникасын өте төмен бағалайды.

Макгрегор кездесуді бірнеше рет қарап, дайындық барысында қандай қателіктер кеткенін көргенін айтты.

"Биікке шығу да, құлауда болады, бірақ үнемі жетіліп, өзгертулер енгізіп және жалғастыру керек", - деді файтер.

ММА файтері өзінің әйелі туралы да айтып, оны өзінің патшайымы деп атады. Оның сөзінше, ол әйелінсіз ешкім емес.

"Мен онсыз еш жерде болмас едім. Ол маған балалар туып берді. Мен оны құрметтеймін", - деді Конор.

Макгрегор өзінің сүйікті сусындары мен тағамдары туралы да сөз қозғады. Файтер вискиді жақсы көретінін, ал алкогольсіз сусындардың ішінен кофе мен бөлме темппературасындағы суды ұнататынын айтты.

"Мен оны өте көп ішемін, ол маған энергия береді", - деп түсіндірді экс-чемпион.

Ол сондай-ақ әйелі дайындап беретін сүйікті асын да атады.

"Бұл киевше котлеттер. Ол соны дайындайды. Ол сіздердікі емес пе? Ол кеңестік уақыттан бері бар иә? Міне, сол менің сүйікті тамағым", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel